Жақсы күнді бағалаумен тұралық, Немереден бола алады кім артық? Ең тұңғышқы шаттығымыз Мелисса, Келді өмірге бәрімізді қуантып. ⠀ Ортамызға сәби келді сүйкімді, Ең бақытты сәт деп білдік бұл күнді. Немереміз аман-есен өссін тек, Арнаймыз ғой әлі талай жыр гүлді. ⠀ Шын бақытқа бөлегендей біздерді, Ортақтастық қуанышпен біз енді. Мәртебеміз өсіп жатқан жайы бар, Ата-әже болдық міне бізде енді. Мелиссаның шілдехана тойына, Шақырамыз зор құрметпен Сіздерді!